АҚШ вице-министрі: 2020 жылы Қазақстан ірі мұнай өндірушіге айналады

2020 жылы Қазақстан, ОПЕК-ке мүше емес елдер арасында, әлемдегі ең ірі мұнай өндірушіге айналады деді АҚШ-тың энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэниел Понеман.

Сәрсенбі күні Астанада «Мұнай және газ» халықаралық конференциясында сөйлеген Понеман Қазақстанның ресурстары әлемдік энергетикалық рынокта маңызды роль атқаратындығын атап көрсетті.