Пешавар қаласындағы жарылыстан 100-ден астам адам зардап шекті

Пәкістанның солтүстік-батысында орналасқан Пешавар қаласында тіркелген жарылыстан кем дегенде 30 адам қаза болып, 100-ден астам кісі жараланған. Хабарларға қарағанда, жарылғыш тиелген автобус қаладағы Хейбер базарының маңында жарылған.

Полицияның хабарлауынша, жарылыс тіркелген сәтте автобустың ішінде жолаушылар болған. Жарылыстың жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.