АҚШ армиясы білгір мамандармен толығады

АҚШ президенті Барак Обама «не сұрама, не айтпа» деп аталатын саясатты түп-тамырымен жоятынын мәлімдеді. Бұл саясат қарулы күштердің қатарындағы өздерінің сексуалдық ерекшеліктері барлардың қызметіне байланысты болатын.
Б.Обаманың айтуынша, АҚШ армиядағы білгір мамандарынан айрылып отыра алмайды. Президент бұл сөзін гейлердің құқын қорғайтын ең ірі Human Rights Campaign ұйымына қаржы жинау үшін өткізілген жиында айтты.
Американың қазіргі заңы өзінің гомосексуалдық ерекшеліктерін жасырмайтындардың армия қатарында қызмет атқаруына тыйым салады. АҚШ Конгресі осы заңды қайта қарау мүмкіндігін 1993 жылдан бері талдап келеді, бірақ әлі шешім қабылдаған жоқ.
Өткен жылы өзінің сексуалдық ерекшелігі барлығын мойындағаны үшін армия қатарынан 634 адам аластатылды.