Ресми Баку Түркия-Армения келісіміне наразы

Жексенбі күні Әзірбайжан Армениямен арадағы қатынасын жақсартуға келіскен Түркияны өткір сынға алды. Әзірбайжан сыртқы істер министрлігінің Франс-пресс агентігі таратқан мәлімдемесіне қарағанда, Таулы Қарабах проблемасы шешілмей тұрып Анкара мен Ереван арасындағы қатынастың жақсаруы «Түркия мен Әзірбайжан арасындағы туыстық қарым-қатынасқа көлеңкесін түсіреді».
«Аймақтағы барлық шекара мен байланысты ашудың маңызын» мойындаумен қатар, ресми Баку «Анкараның біржақты шешімі аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің сәулетіне күмән келтіретінін» ерекше атап көрсетеді.