Ақтөбе облысындағы өндірісте үш кісі қаза болды

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында өндірістегі жазатайым оқиғадан үш адам қаза болды.

Хабарларға қарағанда, қайғылы оқиға «Көптемір» компаниясының жұмысшылары бұрынғы Шилісай комбинатының ғимаратын бұзып жатқан кезде орын алған. Оқиға болған жерде қазір құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Дәл осы Мұғалжар ауданында биылғы жылдың басында «Гоар» компаниясының жол жөндеумен айналысатын үш жұмысшысы жазатайым оқиғаның салдарынан қаза болған еді.