Астана "Борат" фильмінің Ресейде көрсетілуі қалыпты жағдай дейді

Қазақстан сыртқы істер министрлігі таяуда ресейлік MTV телеарнасында британиялық сайқымазақ Саша Барон Коэннің «Борат: Сайыпқыран Қазақстан халқының игілігі үшін Американы мәдени зерттеу» атты фильмінің көрсетілуін қалыпты жағдай деп қабылдайды. "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы дүйсенбі күні Астанада министрліктің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеген.

"Біз бұл фильмнің Қазақстанға қандай да бір қатысы бар деп ойламаймыз", деді Ашықбаев журналистердің алдында сөйлеген сөзінде.

Қазақ журналисі Борат Сағдиевтің бейнесін сомдаған британиялық актер Саша Барон Коэннің әлгі фильмі бұдан бұрын Қазақстанда наразылық туғызған болатын.