Қазақстан дизельді сыртқа шығаруға салынған тыйымды жойды

Қазақстан үкіметі дизель отынын елден шығаруға салынған тыйымды алып тастады.

Үкіметтің тиісті қаулысы сейсенбі күні ресми басылымда жарық көрді. Қаулы ресми жарияланған күні күшіне енеді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі дизель отынын Қазақстан аумағынан сыртқа шығаруға салынған тыйымның жойылғандығы туралы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Интеграциялық комитетін келісілген тәртіп бойынша хабардар етеді делінген бұл қаулыда.