КХДР зымырандар ұшыруға дайындалып жатыр

КХДР қысқа қашықтықтағы зымырандарды ұшыруға дайындалып жатыр деп хабарлады Оңтүстік Кореяның ақпарат агенттіктері.

Хабарларға қарағанда, бұл жолы сынақтар батыс жағалауда өтуі мүмкін – бұған дейін КХДР қысқа қашықтықтағы бес зымыранды шығыс жағалауда сынаған болатын.

Сынақтар қарсаңында Солтүстік Корея зымырандарды ұшыратын шығыс жағалауда 10-20 қазан аралығында кемелердің жүзуіне тыйым салған болатын.