Ресей Қытайға жыл сайын газ сатады

Мәскеу мен Бейжің жыл сайын Қытайға 70 миллиард текше метр табиғи газ сату туралы келісімге келді. Ресейдің «ГазПром» компаниясының президенті Алексей Миллердің мәлімдеуінше, премьер-министр Владимир Путиннің Бейжіңге сапары кезінде сейсенбі күні осындай құжатқа қол қойылады.
Миллер келісімнің бағасын атаудан жалтарды. Бірақ газдың алдағы жылы Қытайға айдала бастауы мүмкіндігін жасырған жоқ. Одан бұрын Ресей вице-премьері Александр Жуков Ресей мен Қытай компанияларының 3.5 миллиард доллардың келісімдеріне келгенін мәлімдеген болатын.