Қытай Шыңжаң көтерілісіне қатысты тағы 3 адамды өлім жазасына кесті

Қытай шілде айындағы Шыңжаң провинциясындағы ұлтаралық қақтығыс кезінде жасаған қылмыстары үшін тағы 3 адамды өлім жазасына кесті.

Қытай билігі Үрімшіде 200-дей адамның өліміне әкелген ұйғырлар мен хансулар арасындағы ұлтаралық қақтығысқа байланысты осыған дейін 6 адамға өлім жазасы үкімін шығарған.

Бейсенбі күні Үрімші соты үш адамға өлім жазасын беріп, екі жылдың ішінде ол үкім орындалуы мүмкін. Бұл көтеріліске байланысты 21 адам жауапқа тартылды.