Обама Пәкістанға берілетін көмек жоспарына қол қойды

Ақ үйден хабарланғандай, бүгін АҚШ президенті Барак Обама Пәкістанға беретін 7 млд доллар көмек бағдарламасына қол қойды.

Бұл бес жылға бағытталған қаржылай көмек жылына Пәкістанның әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламасына бөлінетін болады.

Бұл қаражат Пәкістанды азаматтық режимге қайтаруға, Талибан мен әл-Қаида содырларына қарсы күресті қолдауға арналып отыр.

Бұл көмек бағдарламасына қол қойылмас бұрын АҚШ Конгресі аталған жоспар Пәкістанның ішкі ісіне араласып, егемендігіне қол сұғу емес деп мәлімдеген.