Пәкістанда жанкештілік шабуылдан 11 кісі көз жұмды

Пәкістанның солтүстік-батысында орын алған жанкештілік жарылыстан кемінде 11 адам қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, үш жанкешті кісі жұма күні тынышсыз аймақтағы Пешауар қаласында полиция бекеті жанында өздерін жарып жіберген. Бұл жарылыстан сондай-ақ мешіт қираған.

Осыдан бір күн бұрын Пәкістанда орын алған шабуылдардан 40-қа жуық адам құрбан болған еді.