Астанада Азаматтық форум басталады

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында екі жылда бір рет өткізіліп тұратын Азаматтық форум басталмақ.

Екі күндік бұл шараның барысында үкіметтік емес сектор мен әлеуметтік саланы дамытудың стратегиялық мәселелері талқыланады.

Форумның мақсаты — азаматтық қоғам институтын жан-жақты дамыту және оны мемлекет пен бизнес секторына тең дәрежелі серіктес ету үшін заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және әдістемелік ұйымдастыру базасын жетілдіру.