Алматы облысында газ құбырындағы жарылыстан мыңдаған үй отынсыз қалды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, дүйсенбі күні Алматы облысы Қарасай ауданының Каменка елдімекеніндегі газ құбырында жарылыс болып, соңы өртке ұласқан.

Аталған апаттың салдарынан мыңнан аса үй газсыз қалған, орташа қысымды газ құбырына КамАЗ көлігінің соғуы жарылысқа себеп болған. Газ құбырына келген зақымнан жарылыс болып, құбырға жақын орналасқан үйлердің шатырлары жанып кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің тарапынан құбырдан атылған газ қалпына келтіріліп, апат орнында жөндеу жұмыстары жүргізілуде деп хабарланып отыр.