Бала сатумен айналысқан деген күдікпен қазақстандық әйел Ресейде ұсталды

Ресейдің Краснодар өлкесінде халықаралық іздеудегі 27 жастағы әйел қолға түсті, — деп хабарлады ІІМ-нің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен Ресей ІІМ бірігіп қолға түсірген бұл әйел кәмелетке толмаған балаларды сатумен айналысқан Ақмола облысының тумасы», — деді ресми өкіл.