Пәкістан күштері 60 талибан содырын өлтірілді

Пәкістан әскерилері өз күштерінің талибандарға қарсы соққысында Оңтүстік Вазиристандағы 60 талибандық жауынгер өлтірілгенін мәлімдеді.

Жексенбі күні таратылған хабарламада, бұл шайқас кезінде тағы пәкістандық 6 сарбаз қаза тапқаны айтылған.

Сенбі күні соғыс ұшақтарының қолдауымен құрлықтағы мыңдаған Пәкістан күштері Оңтүстік Вазиристандағы талибандарға қарсы шабуылын бастаған.

Бұл операцияның мақсаты – аймақтағы талибан мен әл-Қаида жасақтарын құрту болып табылады. Соңғы екі аптада Пәкістандағы талибандар шабуылынан 175 адам құрбан болды. Аймақтан 100 мыңдай бейбіт халық соғыстан қорғанып, басқа жаққа көшіп кетті.