Беларусь оппозиционері түрмеде аштық жариялады

Беларусь оппозициясының белсендісі Александр Бандаренко өзінің ісін қайта қарауды талап етіп, қазанның 19-нан бері аштық акциясын бастаған.

Бандаренконың адвокаты Азаттықтың беларусь қызметіне берген сұхбатында, өзінің Минскідегі №1-ші қамау мекемесіне барғанда ғана Бондаренконың аштық жариялап жатқанынан хабардар болғанын айтты.

Кәсіпкер Бандаренко қаржы қылмыстары бойынша айыпталып, қазанның 9-да жеті жылға түрмеге жабылған.

Өткен жылы ол оппозициялық Бірлескен Азаматтық партияның белсенді мүшесі болып, парламенттік сайлауға түскен. Бандаренко мен оның жақтастары бұл істің саяси астары бар деп біледі.