Пәкістандағы террорлық шабуылдан алты адам құрбан болды

Пәкістандағы жанпидашы жасады делінген жарылыстың салдарынан алты адам құрбан болған. Жарылыс ел астанасы Исламабадтан 75 шақырымдай жердегі Камра қаласымен іргелес аэронавигациялық кешеннің жанында орын алған.

Бұл теракттің жауапкершілігін ешкім мойнына алмаған. Соңғы үш аптада болған шабуылдар салдарынан Пәкістанда 170-тен астам адам құрбан болған.