Түркменстан Қытайға құбырын аяқтады

Хабарларға қарағанда, Түркменстан Қытайға табиғи газын тасымалдайтын құбыр жолының өз жағындағы 7 мың шақырымдық құрылысын аяқтады.

Елдің ресми ақпарат көздері түркмен газын Каспий теңізінен Қазақстан мен Өзбекстан арқылы Қытайға тасымалдау желтоқсан айында іске қосылады.

Қытайдың мұнай-газ компаниясы 30 жылға қол қойған келісім бойынша, осы жаңа құбыржолы арқылы жылына 30 млд текше метр газ алуды көздеп отыр.

Түркменстан газының көп мөлшері Ресейге беріліп келеді.