Ауғанстанда сайлау науқаны басталды

Ауғанстанда президент сайлауының екінші сатысы алдындағы науқан ресми түрде басталды.

Қарашаның 7-де өтетін сайлауға қазіргі президент Хамид Карзай мен бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла түсетін болады. Тамыздың 20-дағы сайлауға қатысты шағымдарды қараған халықаралық комиссия дауыс берулерде бұрмалаушылықтардың болғанын анықтап, сайлаудың екінші кезеңін өткізуді талап етті. Қарашадағы сайлауда заңбұзушылықтардың алдын алу үшін бірқатар сайлау ресмилері қызметінен алынды.