Талибан қарашадағы сайлауға бойкот жариялауға шақырды

Талибан Ауғанстанда қарашаның 7-де өтетін президент сайлауының екінші кезеңіне бойкот жариялауға шақырды.

Франс-Пресс ақпарат агенттігіне жолдаған мәлімдемесінде Талибан қозғалысы сайлауға қатысқан кез келген азаматқа зорлық-зомбылық жасалады деп ескерткен.

Тамыздың 20-дағы сайлаудың бірінші сатысында тәліптер елде 200-ге жуық шабуыл жасаған болатын.