Қарағанды облысында радиоактивті металл тиеген вагон ұсталды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Теміртау қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында радиациялық бақылаудан өткізу барысында радиациясы жоғары дәрежелі, яғни 60 микрорентгенді құрайтын металл тиеген №6576454020 вагон ұсталған.

Министрліктің мәліметінше, бұл жүкті «Союз-М-2» фирмасы «Бурабай курорты» станциясынан жіберген.

Қазіргі уақытта бұл вагон арнаулы алаңда күзетке алынды, — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.