Алматы әуежайынан заңсыз ойын автоматтары анықталды

Оңтүстік Шығыс аймақтық прокуратурасы мен ішкі істер қызметкерлері бірлесіп Алматыдағы халықаралық әуежайдан екі заңсыз ойын автоматын әшкереледі, — деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында анықталған ойын залдары әуежайдың «Жаңа жолаушылар терминалы» ғимаратының 1 және 2-қабатында орналасыпты. Бірінші қабатта орналасқан 6 ойын автоматы «Қалыбаев», екінші қабаттағы 12 ойын автоматы «Бидаев» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі екені белгілі болған.

Ойын автоматтары мен кассадан алынған ақшалары тәркіленген бұл ойын бизнесі нысандарына қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.