Ирақта бірқатар қауіпсіздік қызметкерлері ұсталды

Жексенбі күні Бағдадта орын алған екі жарылысқа байланысты 61 қауіпсіздік қызметкері қамауға алынды. Ирақ армиясының баспасөз хатшысы генерал Касим Аттаның айтуынша, тұтқындалғандардың арасында 11 жоғары лауазымды қызметкерлер бар.

153 адамның өмірін қиған жарылыстарға байланысты жауапкершілікті Әл-Қаидаға қатысы бар "Ирақтың исламшыл мемлекеті" тобы өз мойнына алды.