Пәкістан күштері Канигуррамды бақылауына алды

Пәкістан күштері Оңтүстік Вазиристандағы Канигуррам қаласын өз бақылауына алған. Бұл туралы ел әскерилерінің баспасөз хатшысы генерал-майор Атхар Аббас дүйсенбі күні Исламабадта өткізген баспасөз маслихатында хабарлады.

Канигуррам аймағы толық "лаңкестерден тазартылды" деп атап көрсетті Аббас. Канигуррамда бұдан бұрын Талибанның орталығы орналасқан болатын.

Пәкістанда үкімет күштері Ауғанстанмен шекаралас аймақтарда Талибанға қарсы операция жүргізуде.