Пәкістанда жарылыс құрбандарының саны өсті

Полицияның хабарлауынша, дүйсенбі күні Пәкістан қарулы күштерінің штаб-пәтері орналасқан Рауалпинди қаласындағы жарылыстан кемінде 30 адам қаза тапқан. Қонақ үйі мен банкке жақын жерде бір жанкешті кісі өзін-өзі жарып жіберді дейді полиция өкілдері.

Соңғы апталарда Пәкістанда болған бірқатар шабуылдар шамамен 250 адамның өмірін қиды. Бұл елде үкімет күштері Ауғанстанмен шекаралас аймақтарда Талибанға қарсы операция жүргізуде.