Қазақстанда жаңа авиакомпаниялардың ашылуына мораторий жарияланды

«Еуродақпен арадағы жағдайды шешіп алғанша, жаңа авиакомпанияларға рұқсат беруге мораторий жариялаймын. Мораторий алынғаннан кейін де халықаралық талаптарға сәйкестік бойынша ғана рұқсат беріледі», — деді ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы жылдың маусым айынан бастап Қазақстанның «Air Astana» компаниясынан басқа барлық әуе компаниялары Еуродақтың «қара тізіміне» іліккен еді.