Обама Еуродақ жетекшілерімен кездесті

АҚШ президенті Барак Обама Вашингтонда Еуродақ басшыларымен кездесті. Бұл кездесу Стокгольмде өтетін ауа райының ғаламдық өзгерістеріне арналған дүниежүзілік конференциядан бір ай бұрын болды.

Ақ үйге жиналғандар алдында сөз сөйлеген Еурокомиссияның басшысы Жозе Мануэл Баррозу климат жөнінде халықаралық келісімге қол жеткізу әлемдік саясаткерлердің қазіргі буыны үшін «айқындаушы ахуал» болады деп мәлімдеді.