Алматы абақтысындағы тұтқын өлі күйінде табылды

Алматы абақтысында бір тұтқын өлі күйінде табылды деп хабарлайды "ҚазТАГ" агенттігі. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бастапқы болжамына сәйкес, өз әйелін өлтіргені үшін Алматы Медеу аудандық сотының шешімімен түрмеге жабылған бұл азамат өзіне-өзі қол жұмсаған.

Бұл оқиға туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.