БҰҰ-ның Ауғанстандағы жүздеген қызметкері көшірілуде

БҰҰ-ның хабарлауынша, ұйымның жүздеген халықаралық қызметкерлері Ауғанстаннан уақытша көшіріліп жатыр.

Хабарларға қарағанда, ұйымның шамамен 600 шетелдік қызметкері қауіпсіз аймаққа, көбісі Ауғанстаннан сырт жерге қоныс аударылуда.

Уақытша қоныстану Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайын жақсартуға жол беру мақсатында жасалып отыр. Ауғанстанда БҰҰ-ның 5,600 қызметкері болса, оның көбісі ауғандықтар.

Қауіпсіздік шаралары қазанның 28-і күні Кабул қаласындағы БҰҰ-ның қонақ қабылдау үйінде бір жанкешті өзін жарып, ұйымның бес қызметкері мен үш ауғандық қаза тапқан оқиғадан кейін қолға алынып отыр.