Қазақстанда рақымшылық жасау туралы заң дайындалуда

Қазақстанда рақымшылық жасау туралы заң дайындалуда, — деп хабарлады «Интерфакс-Казахстан» агенттігі.

«Мен Кәрім Мәсімовке 2010 жылы рақымшылық жасау мүмкіндіктерін қарастыру туралы депутаттық сауал жолдадым, оның маған берген жауабында үкіметтің «Тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын дайындап жатқаны айтылған, қазір бұл құжат президент әкімшілігінің келісімін күтуде», — деді сенатор Ғани Қасымов.

Сенатордың мәліметінше, республиканың түрмелерінде 45 мың сотталушы бар, олардың 17 мыңнан астамы рақымшылық алуы мүмкін.
Қазақстанда 2006 жылы жүргізілген Тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты рақымшылықта 34 253 адам босатылған болатын.