Техастағы әскери базада бір сарбаз 12 адамды өлтірді

АҚШ-тың Техас штатындағы армия базасында бір сарбаз оқ шашып, 12 адамның өмірін қиды. Тағы 31 әскер жараланды.

Форт Худтағы атыс Құрама Штаттардың әскери базасында болған ең қанды оқиға болып отыр. Армия басшылығының хабарлауынша, қарулы әскер бірнеше сарбазды атқан соң атып өлтірген.

Ол Армияның психиатры майор Нидал Малик деген сарбаз екені мәлім болды.

АҚШ президенті Барак Обама бұл қақтығыстың ең қорқыныштысы деді.