Талибан шабуылынан үш пәкістандық сарбаз мерт болды

Пәкістанның солтүстік-батысындағы бақылау бекетінде үш пәкістандық әскер талибандар шабуылынан құрбан болды.

Ресмилердің айтуынша, шабуыл жұма күні кешкісін Хангу аймағында орын алды.

Бұл шабуыл пәкістандық күштер Ауғанстанмен шекаралас Оңтүстік Вазиристан аймағындағы талибандарға қарсы соққысын жалғастырып жатқан тұста болып отыр. Ол талибандарға қарсы операциялардың жүріп жатқанына төртінші апта болды.