Пәкістандағы жарылыстан үш адам құрбан болды

Пәкістанның Пешауар қаласындағы болған террорлық шабуыл салдарынан жарылыста үш адам құрбан болып, бес адам жарақат алған. Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылыс полиция бекетінің маңында болған.

Бұдан бұрын жексенбі күні Исламабадта полицейлердің бір жанпидашыны теракт жасауға үлгертпей өлітіріп тастағаны хабарланған еді.

Соңғы бірнеше аптада Пәкістанның бірқатар аймағында бүлікшілер шабуылынан 300-дей бейбіт тұрғын мен қауіпсіздік күштері құрбан болды.