Германияда Берлин қабырғасының құлағанына 20 жыл аталып өтуде

Бүгін Германияда Берлин қабырғасының құлауына 20 жыл толуына арналған салтанатты шара өтеді.

Ел астанасындағы салтанатты шараға Германияның қазіргі канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Николя Саркози, Ұлыбритания премьері Гордон Браун, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Еуродақ жетекшілері және СССР-дың бұрынғы президенті Михаил Горбачев, Ресей президенті Дмитрий Медведев қатысады.

Берлин қабырғасы – қырғиқабақ соғыстың ең әйгілі рәмізі болып келіп, 1989 жылдың 9 қарашасында қиратылды.