АҚШ-та тұмаудан шамамен 4 мың адам қайтыс болды

АҚШ-та, алдын ала мәліметтер бойынша, H1N1 вирусы қоздырған тұмаудың кесірінен қаза болғандардың саны 4 мыңға жуықтап қалды.

Бұл көрсеткіш аурудың алдын алу және бақылау жөніндегі орталығы жариялаған бұған дейінгі мәліметтен алты есе көп. Cарапшылардың айтуынша, жаңа мәлімет 10 штаттан түскен нақты ақпараттар негізінде дайындалған.