Қырғыз президенті Ұлттық гвардияны жойды

Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев бұрынғы президент Асқар Ақаевтың бастамасымен мемлекет басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген Ұлттық гвардия – элиталық бөлімді жою туралы шешім қабылдады.

Президент қаулысына сәйкес, мұндай шешім мемлекеттік нысандар мен жоғарғы лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші органдардың қызметін жетілдіру мақсатында қабылданып отыр.