Британия: Ауғанстанға қосымша 5 мың жасақ қосылу керек

Британия премьер-министрі Гордон Браун Еуропадағы НАТО-ға мүше елдер мен басқа да одақтастарын Ауғанстанға 5 мың әскер жіберуге өзінің көндіріп жатқанын айтты.

BBC-ге берген сұхбатында Браун өз өкілдерін басқа еуропалық елдерге жөнелтіп, ұсынысқа жауап алуға тырысып жатқанын айтты.

Бейсенбі күні Браун НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен кездесіп, Ауғанстан жағдайын талқылаған еді.