Полиция: Пешауардағы жарылыстан 7 адам опат болды

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешауар қаласында қауіпсіздік күштерінің бекетінде орын алған көлік жарылысынан 7 адам қаза тапты.

Полиция өкілі Ирфанулла Ханның хабарлауынша, сенбі күнгі шабуылдан құрбан болғандардың арасында полиция қызметкерлері де бар.