Түркияда күрд және армян тілдерінде хабар таратуға рұқсат етілді

Түркия үкіметі елдегі ұлыстардың, оның ішінде күрд және армян тілдерінде телерадиохабар таратуға рұқсат етті.

Телерадиохабар тарату жөніндегі жоғарғы кеңестің өкілі: «Жергілікті тілдерде тәулік бойы хабар таратуға шектеу қойылмайды», — деп хабарлады.

Бұдан бұрын бұл елде ұлыстар тілінде белгілі бір уақыт аралығында тек музыкалық, мәдени бағдарламалар мен жаңалықтар ғана берілетін.