Сербия патриархы бүгін жерленеді

Ондаған мың адам Белград көшелеріне шығып, Сербия православ шіркеуінің патриархы Павлені соңғы сапарға шығарып салуда.

Шіркеуді шамамен 20 жыл басқарған Павле жексенбі күні 95 жасында қайтыс болды. Ол бейсенбі күні кешке қаланың шетіндегі монастырде жерленеді.