Тәжікстанда журналистер ресми ақпарат үшін ақша төлеуі тиіс

Тәжікстан үкіметі журналистерді ресмилерден мәлімет алғаны үшін ақша төлеуге міндеттейтін жаңа қаулы қабылдады деп хабарлайды Азаттық радиосының тәжік қызметі. Қарашаның 19-да жарияланған бұл құжатқа сәйкес, журналистер ресми мекемеден немесе мемлекеттік агенттіктен алған мәтіннің әрбір парағы үшін 25 сомони яғни шамамен 4,5 доллар төлеуі тиіс. Бұл баға қаңтардың 1-нен бастап өсірілмек.

Аталған қаулы елдегі бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заңға сай жасалып отыр.