Үндістан штатында 3 бомба жарылды

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында болған 3 жарылыстың салдарынан 5 кісі опат болып, 30-ға жуық адам жараланды.
Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, Налбари қаласындағы полиция кеңсесінің маңында 1 минуттың ішінде 2 бомба жарылды. Сәл кешірек бірнеше шақырым қашық жерде үшінші бомба жарылды.
Тергеушілер бұл қастандықтарды «Ассамды азат ету майданы» деп аталатын сепаратистік топтың содырлары жүзеге асыруы мүмкін деп күдіктенеді.