Украинадағы түрлі-түсті төңкеріске 5 жыл!

Жексенбі күні Украинада Бостандық күнін - «қызғылт-сары төңкерістің» 5 жылдығын тойлайды.
Азаттық Радиосының жергілікті тілшісі хабарлағандай, Киевте президент Виктор Ющенконың қатысуымен салтанатты жиын өтеді. Бұл мерекені премьер-министр Юлия Тимошенконың қайда және қалай тойлайтыны белгісіз.
2004 жылдың 22 қарашасында оппозицияның қысымымен Украинаның Жоғарғы соты қайта дауыс беру туралы қаулы қабылдады. Қайта сайлауда оппозицияның үміткері В.Ющенко жеңіске жетті.