Бішкек мектептері карантинге жабылды

Бішкек қаласы бұқарамен байланыс басқармасының хабарлауынша, Қырғызстан астанасында маусымдық тұмаудың таралуына байланысты мектептер карантинге жабылды.

Қарашаның 23 мен 30 аралығына белгіленген карантин кезінде жіберілген сабақтардың орны резервтік сағаттардың есебінен толтырылады. Бұл демалысты республикалық Денсаулық сақтау министрлігі белгіледі, — делінген хабарламада.