Бразилия басшысы әлемді Иранмен араласуға шақырды

Бразилия президенті Луис Инасио да Сильва Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесіп, Теһранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселені Батыс елдері мен Иран әділ шешуі керек деп мәлімдеді. Ахмадинежадпен өткізген баспасөз маслихатында Сильва Иранның халықаралық келісімдерге сай бейбіт түрде ядролық бағдарламасын дамытуына құқығы бар екенін Бразилия мойындайды деп атап көрсетті.

Бразилияда жүздеген адам Ахмадинежадтың Оңтүстік Америка елдеріне жасап отырған сапарына наразылық танытты.