Алматыда аймақтағы адам саудасымен күрес мәселесі талқыланады

Бүгін Алматыда адам саудасына қарсы күрес проблемаларына арналған екі күндік аймақтық форум басталады. Бұл жиынға Орталық Азияның 5 елінен 50-ден астам қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылған. Олар адам саудасының құрбаны болғандарға жәрдем көрсету және қылмыстың бұл түріне қарсы күресте күш біріктіру жайын талқылап, өзара іс-тәжірибелерімен бөліспек.

Аймақтық форум халықаралық көші-қон ұйымының қолдауымен өткелі отыр.