Пәкістанда 18 бүлікшінің көзі жойылған

Пәкістанның Ауғаныстанмен шекаралас Хайбер таулы ауданында сейсенбі күні жүргізілген әскери операция барысында 18 бүлікші өлтірілді деп хабарлады, Пәкістан армиясының басшылығы.

Бұған қоса әскери басшылық экстремистердің бір бекініс бекетін мол қару-жарақ қоймасымен бірге қолға түсіргендерін айтып отыр.

Хайбер ауданы Ауғаныстандағы халықаралық коалиция күштеріне жүк жеткізілетін бағыттың бойында орналасқан.