Ауған ресмилері шекара бойында 26 содыр өлтірілді деді

Ауғанстан әскерилері Пәкістанмен шекаралас аймақта болған қарулы қақтығыста 26 содырды өлтірдік деп хабарлады.

Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің хабарына қарағанда, бүлікшілермен шайқас Хост провинциясындағы Гурбуз ауданында сенбі күні кешкісін болды. Министрлік шекара сақшыларына әуеден қолдау көрсетілді деп отыр.

Хост провинциясының шекара қызметкері Шер Ахмед Кочидің сөзіне қарағанда, бүлікшілердің көбісі шетелдіктер болған. Соның бірі жаралы шешен жауынгері қолға түскен. Қақтығыста шекара сақшыларынан шығын болмады.