Иран жаңадан уран байытатын 10 зауыт салмақшы

Бүгін Иран өзінің уран байытатын 10 жаңа зауыт салу жоспарын жариялап, олардың құрылысы екі айдың ішінде басталады деді. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

Бұл Теһран ядролық қару жасап жатыр деген күдіктеніп отырған Батыс пен Иранның байланыстарын ушықтыра түспек. Иранның парламент спикері Али Ларижани Теһран МАГАТЭ-мен ынтымақтастығын айтарлықтай төмендетеді деп мәлімдеді.

Жұма күні БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі Иран уран байыту жұмыстарын жасап жатқан зауыттарын жапсын деген қарар қабылдаған.